Меморандум 2016 жылғы 20 қаңтарда Анкара қаласында жасалған.
Меморандумның мақсаты екі мемлекет қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге байланысты мәселелерді реттеу, сондай-ақ тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін айқындау болып табылады.
Меморандум аясында жіберуші тараптың техникасын, қаруы мен оқ-дәрілерін әкелу, ел ішінде алып жүру және әкету кезінде қабылдаушы Тараптың әуеайлақтарды, автомобиль және теміржолдарды беруін көздейді. Одан басқа, оқу-жаттығуларға қатысу кезеңінде жіберуші Тараптың сұрау салуы бойынша қабылдаушы тарап қаруды, материалдық құралдарды, жабдық пен оқ-дәрілерді өтеусіз негізде ұсынуы мүмкін.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.