Депутат жағдай өрт сөндірушілердің техникалық жабдықталуында ғана емес, депо үйлері мен ғимараттарының жағдайы да өте күрделі екеніне назар аударды.
Сенатордың айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік өртке қарсы қызметінің 419 бөлімшесі бар, оның 271-і, яғни жартысынан көбі ыңғайланған үй-жайларда орналасқан. 112 күрделі жөндеуді қажет етеді, ал апаттық жағдайда болуына байланысты 20-сы бұзылуға жатады.
«Қалыптасқан жағдайға талдау жасағанда өрт деполарының сандық және сапалық көрсеткіштері төтенше жағдайды жою кезінде халыққа тиісті көмек көрсету үшін жеткіліксіз деп айтуға болады. Бірінші кезекте қалалық және ауылдық жерлерде 124 өрт сөндіру депосы кешенін салу талап етіліп отыр. Өрт сөндіру қызметтерінің қарамағында функционалдық әртүрлі мақсаттағы 3 553 техника бар. Бұл ретте олардың 730-ы 70-90-шы жылдардан бастап пайдаланылуда және тозығы жетуіне байланысты жаңартуды талап етеді», - деді депутат.
Сенатор төтенше жағдай органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың мәселелері туралы өз әріптестері де сауал жолдағанына назар аударды. Үкімет жауабында бұл мәселе пысықталып жатқанына сендірген болатын, бірақ әлі нәтиже жоқ. Депутат осыған байланысты мәселелерді шешудің маңыздылығына мұқият қарауды сұрады.