Сенатта шекара маңы тұрғындары үшін маңызды құжат талқылады
Хаттама Ресей шекарасының маңында тұрып жатқан қазақстандық азаматтардың Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі барысын реттеуге бағытталған және құжатты қабылдау еліміздің нормативтік-құтықтық актілердегі өзгерістерге байланысты.
Айта кетейік, Қазақстанның ішкі заңнамасында азаматтарды тіркеу кітабының күшін жоюына және мекенжай анықтамасының енгізуіне орай аталған келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Бұл өзгерістер 2018 жылы 9 қарашада Петропавлда 15-ші Өңіраралық ынтымақтастық форумында қол қойылған хаттамамен енгізілді.
«Бұрын өткізе бекеттерінде жеке куәлік немесе төлқұжат және тіркеу кітабынан үзінді көшірмелер талап етілетін болатын. Ал қазіргі таңда жеке куәлік немесе төлқұжат, сондай-ақ мекенжай анықтамасы енгізілді. Хаттаманы қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында.
Екі ел арасындағы шекара 7 500 шақырымнан асады және әлемдегі ең ұзын шекара болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар. Олардың 30-ы автокөлік, 20-сы теміржол және тағы біреуі өзен арқылы іске асырылады. Сонымен бірге, шекара маңындағы тұрғындарға арналған 86 өткізу бекеттері жұмыс атқаруда.
Талқылаудан кейін комитет мүшелері аталған заң жобасын Сенаттың жалпы отырысының қарауына шығару туралы шешімді қабылдады.