Оның айтуынша, мамандар жекешелендіру барысында кейбір су шаруашылығы нысандарының жеке адамдардың меншігіне өтуіне қарсы. Көбіне оларлың иелері бұл құрылымдардың жағдайын жақсартуға ақша салмайды. Осыған байланысты депутат Үкімет бірқатар шаралар қабылдауы қажет деп есептейді.
«Суды тиімді пайдалану үшін бірыңғай операторды белгілеу туралы мәселені пысықтау маңызды. Сондай-ақ, Балқаш ауданы аумағындағы Іле өзенінде бөгет салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы тез арада аяқтау қажет. Осыған байланысты бiр суару каналында орналасқан екi және одан көп жер пайдаланушыларға суару каналын пайдаланудың тәртібін белгілейтін ережені бекіту маңызды», - деді депутат Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.
Сонымен қатар, сенатор ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің 2023-2026 жылдарға арналған жол картасына бірқатар өзгеріс енгізу қажет деп есептейді.
«Атап айтқанда, сумен қамтамасыз етудің өңірлік табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару қағидаларының жобасын және су пайдалану тарифін құруды жетілдіру маңызды», - деп атап өтті сенатор.