Сенатта «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтар және перспективалар» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтеді

None
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Сенатта «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтар және перспективалар» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінен хабарлады.

«16 қазанда ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтар және перспективалар» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтеді. Депутаттар алдында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сөз сөйлейді»,- делінген хабарламада.