деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиын барысында жұмыстың негізгі бағыттары бойынша қол жеткен нәтижелер туралы депутаттарды хабардар ете келіп, кәсіпорын бас директоры Тодд Леви компанияның стратегиялық мақсаттары мен ұстанымдары туралы әңгімеледі. Таныстырылым аяқталғаннан кейін компанияның бас директоры қоршаған ортаны қорғау және салық заңдарының орындалуына, қазақстандық мазмұнды ұлғайтуға, мамандарды оқыту және даярлауға, қазақстандық мамандар еңбегіне ақы төлеуге байланысты депутаттардың сауалдарына жауап берді. Т.Леви сондай-ақ өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, аймақтың инфрақұрылымын дамытуды инвестициялау мәселелеріне де тоқталды.