Марапаттарды Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов табыс етті.
«Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаев, «Хабар» агенттігінің шеф-редакторы Руслан Оспан және «Казахстанская правда» газетінің Лаура Түсіпбекова «Баспасөзді және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті белгісімен марапатталды.
«Astana Ballet» ұжымының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Алила Алишева, Астана қаласындағы М. Горький атындағы орыс драма театрының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Еркін Қасенов және жазушы, драматург Роза Мұқанова «Мәдениет және өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті белгісімен марапатталды.