Сенатта тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат. Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Заң жобасы кондоминиум нысандарын басқару түрлерін жетілдіру мақсатында тұрғын үй-коммуналдық саладағы жүйелі жаңаруларды жүргізуді, қазіргі жағдайды ұстап тұру үшін қаржыландыру тетіктерін белгілеуді және қазіргі тұрғын үй қорын жаңартуды, тұрғын үй қорын тиімді басқару үшін жағдай жасауды көздейді. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін «Тұрғын-үй қатынастары туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.Ұсынылып отырған өзгерістер тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу туралы республика Үкіметінің құзіретін нақтылауға, кондоминиум нысандарын басқарудың түрлерін жетілдіруге, құзіретті өкілетті органды белгілеуге, басқару органдарына және тұрғын үй заңнамасын сақтамағаны үшін кондоминиум қатысушыларына әкімшілік жауапкершілік бекітуге бағытталған.Сондай-ақ кондоминиумға қатысушылардың ортақ мүлкіне тексеру жүргізу арқылы жергілікті атқарушы органдар (тұрғын-үй инспекциясы) жүзеге асыратын, тұрғын-үй қорын ұстап тұруды мемлекеттік бақылауды бекітетін Үкіметтің құзіреті нақтыланды. Кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қаржыландыру тетіктерін жасау мақсатында пәтер иелерінің жалпы жиналысына екі ? қазіргі (пайдалану шығындары мен қазіргі жөндеу жұмыстары үшін) және жинақ (ортақ мүлікті күрделі жөндеу үшін қаржыны жоспарлы және бірте-бірте жинау) банкі есеп шотын ашуға шешім қабылдауға құқық берілетін болады.Одан басқа заң жобасында тұрғын-үй жәрдемін компенсациялық шара ретінде емес, жеткізушілердің коммуналдық қызметке берген төлем есеп-шоты мен тұрғын үйді ұстау шығындары бойынша беру тетіктері белгіленген.Заң жобасын талқылау барысында Мәжілісте мақұлданған жобаға мына бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады:  Кондоминиум нысанының ортақ мүлкін ұстап тұру шығындарына қатысудан бас тартқаны үшін тұрғын-үй (пәтер) иесінің және кондоминиум нысанын басқару органының лауазымды адамын күрделі жөндеу өндірісі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті болдырмайтын түзету енгізілді;  тұрғын-үй қорын ұстап тұру ережесін сақтау бойынша тұрғын-үй инспекциясы өкілеттігін нақтылайтын түзетулер енгізілді;  кондоминиум нысанын тұрғын-үй көмегінің қатысуымен қаржыландырған жағдайда, басқару органы ұсынған кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу үшін шығындар есеп-қисабын келісуді қарастыратын өзгерістер енгізілді;  кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзіреті кооперативтің жылдық бюджеті мен кіріс және шығыстар есеп-қисабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен толықтырылды;  жергілікті атқарушы органдардың бөлмелер (пәтер) иелерінің жиналысын өткізуге өздігінен бастама жасау құқығын қарастыратын түзетулер енгізілді;  «Тұрғын-үй қатынастары туралы» заңның жекелеген ережелері еліміздің азаматтық заңнамасымен сәйкестендірілді;  көпшіліктің шешімі бойынша тұрғын үй бөлмелерінің иелеріне берілетін басқа кооперативке ауысу құқығы енгізілді. Одан басқа, редакциялық және нақтылау сипатындағы, оның ішінде заң техникаларының ережелеріне байланысты бірқатар түзетулер енгізілді. Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.