Жиынды ашып сөз сөйлеген палатаның вице-спикері Қайрат Ищанов талқыланып отырған тақырыптың өзектілігіне тоқтала келе, оның бірқатар артықшылықтарына тоқталып өтті. Атап айтқанда, аталмыш шара жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін бақылаудың тиімді тетігін қалыптастырып, бюджетке түсетін жиындарды қамтамасыз етеді, сонымен бірге көлеңкелі экономикамен күресті күшейте түседі. «Жалпыға ортақ декларацияны енгізу жеке тұлғалардың салық төлемдерін әкімшілендіру бойынша қамтымдылықты жүз пайызға жеткізіп, осының өзі жеке тұлғалардың салық төлемдерінің толықтығын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жеке табыс салығы бойынша бюджет түсімдері шамамен кем дегенде 10 пайыздық өсімге қол жеткізеді. Халықтың нақты табыстары бойынша салықтық бақылаудың құралы ретіндегі жалпыға ортақ декларациялау көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ретінде де әлемнің көптеген елдерінде қолданылады», - дей келе Сенат Төрағасының орынбасары Қ.Ищанов бұл бағыттағы мемлекеттік саясатты құқықтық қамтудың өзектілігін алға тартты.
Жиын барысында жалпыға бірдей декларациялауға көшу кезеңдері, осындай үдерістің қарапайым әдістері жайында әңгіме өрбіді. Мемлекеттік саясатты ілкі жобалармен қамту, құқықтық тетіктер енгізу жайында да сөз болды.