«Қарағанды облысындағы шахтада орын алған қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Осы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен елімізде Жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Бұдан былай қайғылы оқиғаға себепші болған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен еліміз инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатады. Президент тапсырмасына сәйкес, зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау жасалады. Расымен, осындай қиын сәтте қоғам болып жұмылудың және өзара демеу болудың маңызы зор. Сондықтан мезгілсіз қайтыс болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына Сенаттың атынан тағы да көңіл айтып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алайық», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағандының Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан адамдардың саны 46-ға жетті.