Еске сала кетейік, қазан айында өтетін сайлауға ұсынылған 88 үміткердің 53-і тіркеуден өткен болатын.
«Тіркелгендердің мамандығы бойынша 21-і инженер, 9-ы ауыл шаруашылығы қызметкерлері (агроном, зоотехник, мал дәрігерлері және басқалар), 8-і экономист, 8-і дәрігер, 4-еуі оқытушы және біреуі - заңгер. Қызмет түрлеріне келсек, олардың төртеуі Парламент Сенатының депутаты, 22-сі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің қызметкерлері. 16-сы коммерциялық құрылым қызметкерлері, 9-ы ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері», - дейді Л. Сүлеймен.
Оның сөзіне қарағанда, сайлау науқаны сайлау заңнамсына сәйкес өтіп жатыр. Ал осы кезең ішінде Орталық сайлау комиссиясына 2 өтініш келіп түскен. Олардың біреуі Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібін реттейтін сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіруді талап етеді. Екінші өтініште Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың бірінің сайлау науқанына қатысы жоқ іс-әрекеттеріне шағым қамтылған. «Екі өтініш те қаралды. Өтініш иелеріне уақтылы жауап берілді», - дейді Л. Сүлеймен.