Сенаттың бірқатар депутаттары мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата спикері Қайрат Мәми Президент Н.Ә.Назарбаев атынан еліміз Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай жоғарғы Палата депутаттарына мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының жарлығымен сенатор Анатолий Башмаков II-дәрежелі «Достық» орденімен, ал Мұрат Бақтиярұлы, Владимир Редкокашин, Ләззат Тұрлашов - «Құрмет» орденімен марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы Қайсар Омаровқа берілді. Бұдан бөлек, бір топ депутаттар «ТМД Парламентаралық ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Сенат Аппараты қызметкерлері Гүлнәр Қуанова және Дана Шәйменова, ал Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Еркін Есназаров және Светлана Қалабаева марапатталды. Сондай-ақ, Аппараттың бірқатар қызметкерлеріне ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы берілді.