Сенаттың бюро отырысы өтті

None
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен бюро отырысында Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобаларын палата комитеттері арасында бөлу туралы мәселе қаралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бюро отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы зерделеуге Қаржы және бюджет комитетіне берілді.Заңнама және құқықтық мәселелер комитетіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы берілсе, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қарастыратын болды.«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне берілді.Сондай-ақ бюро отырысында палатаның 4 маусымда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібін қалыптастыру жөніндегі тұрақты комитеттердің ұсыныстары да қаралды.Отырыста Р.Н.Мамырбаевты Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау, ал З.М.Мақашев пен А.А.Секішевті Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымы қаралуға ұсынылады. Депутаттар «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылайтын болады.Сондай-ақ отырыс қарауына «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары да ұсынылатын болды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары да депутаттар талқысына салынады.Сенаттың жалпы отырысында Парламент палаталары арасында келіспеушіліктер туындаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртібін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша оларды қарау және еңсеру үшін келісу комиссиясының құрамына сенаторлар сайланады.