Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобаларын талқылау жоспарланып отыр.
Депутаттар талқысына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да ұсынылады.
Отырыста депутаттар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің жобасы бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісі арасындағы келісу комиссиясының құрамына өз әріптестерін сайлайды.