деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, талқылағаннан кейін қабылдады.
Сонымен қатар «Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары да қаралып, қабылданды.
Отырыста «Босқындар туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң жобалары мен қолданыстағы заңнамаға босқындар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары қабылданды.
Талқылаудан кейін «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заң жобасы да қабылданды.
Парламент депутаттарының заңнамалық бастамасымен әзірленген бұл заң жобасы әйелдердің мүмкіндіктерінің кеңейтуді және жағдайын жақсартуды, қоғамдық-саяси өмірге олардың тең негізде жан-жақты қатысуы мақсатын көздейді.
Бұл заңды қабылдау әйелдерге қатысты кемсітуді жою саясатын жүргізуге, оның ішінде еркектер мен әйелдердің теңдігі принципін заң көмегімен іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Отырыста Парламент палаталары арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім рәсімдерінен өткен бірқатар заң жобалары да қабылданды. Олар - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары болатын.
Талқылау барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Отырыста Сенат пен Мәжіліс арасындағы келіспеушіліктер туындаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша құрылған келісу комиссиясының құрамына депутаттар өз әріптестерін сайлады.