Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау барысында жаңа құрамдағы Сенат депутаттары палатаның комитеттер атауы мен санын өзгертпей қалдыруды жақтады. Осыған орай, комитеттер төрағаларына кандидаттар ұсынылып, олар ашық дауыс беру арқылы сайланды. Атап айтқанда, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып Серік Ақылбай, Қаржы және бюджет комитетіне - Рашит Ахметов, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне - Икрам Адырбеков, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағалығына Талғатбек Абайділдин сайланды.
Ал Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағалығына Ақан Бижанов, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Сергей Плотников сайланды.
Жиын барысында палата спикері Қ. Тоқаев комитет төрағаларын құттықтап, жұмыстарына жеміс тіледі.