Соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Жекелеген жерлерде тұман болады. Бұл туралы «Қазгидрометтен» хабарлады.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, түнде Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аймағында желдің екпіні 15-20 м/с артып, түнде таулы аудандарда тұман болжанады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Қарағанды облысының кейбір аймағында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.