«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Өскемен қалаларында ауа ластануының жағымсыз метеожағдайы қалыптасады.
Қалған шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.