Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның атап өтуінше, оның мүрдесін ҚР ТЖМ Алматы облыстық төтенше жағдалар департаменті суда құтқару қызметінің мамандары алып шыққан.
Осы қалада қазан шұңқырдағы суға шомылған 16 жастағы бойжеткен тұншығып өлді. Оның да денесін ҚР ТЖМ Алматы облыстық төтенше жағдалар департаменті суда құтқару қызметінің мамандары шығарды.
Сонымен қатар еліміздің су нысандарында қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысында да орын алып, Саухия көліне 26 жастағы жігіт батып кетті. Ал Алматы облысында Түрген өзеніне шомылған 24 жастағы әйел суға кетіп, оның мүрдесі әлі табылған жоқ. Атырау облысында да Жайық өзеніне 20 жастағы жігіт тұншығып мерт болды.
Бұдан бөлек Қостанай облысында жасанды су қомасына 10 және 12 жастағы 2 бала, Қарағанды облысында Есен өзеніне 41 жастағы азамат және Қарағанды облысында Балқаш көліне 27 жастағы жігіт батты.