Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 15-22 м/с-қа дейін жел күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с болады. Батыс Қазақстан облысында, түнде Қарағанды облысында тұман түседі, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-23 м/с болады.
Батыс Қазақстанда, Атырау облысының кей жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында түнде 0-5 градусқа, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде 0-3 градусқа күн суытады.