«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің тек оңтүстігі және шығысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде желдің күші 23 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, күндіз жел екпіні - 23 м/с.
Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында - 25 м/с.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.
Атырау, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.
Павлодар облысында түнде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Алматы облысының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.