Ақмола, Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерде көктайғақ болады деп күтілуде, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші - 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде желдің екпіні 15-22 м/с дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.
07:46, 25 Қазан 2014
Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады - «Қазгидромет»
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ пен қатты жел болады деп күтілуде. Тек еліміздің батыс өңірінде жауын-шашынсыз, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.