Сенбі күні Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды
07:25, 24 Шілде 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 шілде күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Нұр-Сұлтан қаласында болжанады.
Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.