Тек республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай байқалады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл байқалады. Республиканың солтүстігі түнде және таңертең тұман күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және тәңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Күндіз Ақтөбе облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағаңды, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
01:18, 20 Тамыз 2016
Сенбі күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 тамыз күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.