Республика бойынша кей жерлерінде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Оңтүстік Қазақстан облысында жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау обысында, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай , күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с. Жамбыл, күндіз Алматы облысыынң кей жерлерінде көктайғақ болады, жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз Жамбыл облысында екпіні 23 м/с, кей жерлерде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады.
01:13, 16 Қаңтар 2016
Сенбі күні республиканың кей жерлерінде бұрқасын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар, бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.