2021 жылдың 15 мамырында Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Тәжікстан, Германия, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 4 251 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 837 жолаушы;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 779 жолаушы;
- Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 444 жолаушы;
- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 191 жолаушы.
Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР анықтамамен келген.