Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады.
Ақмола облысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, түнде тұман түсуі ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с, Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман, бұрқасын соғуы ықтимал.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
00:12, 26 Қаңтар 2019
Сенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.