Синоптиктердің болжауынша, сенбідегі ауа райына циклон және сонымен ілесе келетін атмосфералық ағындар ықпал етеді.
Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысынның кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшеюі күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
Атырау, түнде және таңертең Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25-27 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
02:34, 22 Қыркүйек 2018
Сенбіде Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік аймақтардың кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.