Сенбіде СҚО-да қатты жел соғатыны ескертілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында сенбі, 26 мамырдағы ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК бөлімшесінің дерегі бойынша, 26 мамырда өңірде жылдамдығы 15-20 м/с болатын солтүстік-шығыс желі соғады. Оның екпіні кей жерлерде 23-28 м/с болуы ықтимал. Сондай-ақ, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Дауыл болып, бұршақ түсуі мүмкін.

«Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға төтенше оқиғадан сақтанып,  оған әзір болу үшін қажетті шараларды қолға алуды ескертеді», - делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Айта кетерлігі, бұл аптада қатты жел соғатыны жөнінде бірінші рет ескерту жасалған. 22 мамырда соққан дауыл салдарынан ғимараттарға зақым келіп, ағаштар мен құрылыс крандары құлаған болатын.