Сенбіге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады. Сонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңіз аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады.

Республиканың оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.