Сенбілік: Жоғарғы Сот қызметкерлері гүлзарлар мен саябақтарды ретке келтіріп, 173 түп көшет отырғызды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары мен аппарат қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Жыл сайын өткізілетін экологиялық айлық аясындағы сенбілік Астана аумағын абаттандыруға, көгалдандыруға және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Сенбілік шеңберінде Жоғарғы Сот қызметкерлері Хусейн бин Талал және № 131 көшелердің, сондай-ақ Жоғарғы Сот ғимаратының аумағындағы көшелердің, гүлзарлар мен саябақтардың тазалығын ретке келтіріп, жаңа көшеттер отырғызды. Жалпы алғанда, белгіленген аумақта 173 түп ағаш көшеттері отырғызылды.