Бүгін электрондық үкімет порталындағы интернет-конференцияда Руслан Аташев есімді пайдаланушы агенттік басшысына сенбіліктерге жұмылдырудың заңға қаншалықты сай келетіндігі туралы сұрақ қойды.
Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер сенбіліктерге тек ерікті түрде баратынын айтып, біреу мәжбүрлеген жағдайда агенттікке хабар беруге шақырды. «Мемлекеттік қызметшілерді сенбі күндері елді мекендерді санитарлық тазалау жұмыстарына (сенбіліктерге) жұмылдыру ерікті түрде іске асырылады. Демалыс күндері мәжбүрлеп жұмысқа шақырылған мемқызметші агенттікке немесе оның сол өңірдегі аумақтық бөлімшесіне жазбаша шағым түсіре алады», - деді Алик Шпекбаев.