Сенегалда оппозиция көшбасшысы Усман Сонкоға көтеріліс жасады деп айып тағылып, оның партиясы таратылғаннан кейін тәртіпсіздік басталды. Билік интернетті шектеді.
Қазіргі мемлекет басшысы Маки Сальді ашық сынға алған У.Сонко алдағы жылы ақпанда өтетін президент сайлауына қатысқысы келетінін жариялаған болатын. Оның танымалдығы, әсіресе жастар арасында артып жатыр және ол билік етуші партияға қауіп келтіруі ықтимал. Маусымда У.Сонко сәбилерді азғырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылып, соның кесірінен сайлауға түсу мүмкіндігінен айырылды.
Маки Саль үшінші рет сайлауға түспейтінін жариялады, бірақ өз партиясынан үміткерді қолдауы мүмкін.
Саяси шиеленіс ұзақ уақыт бойы Батыс Африкадағы демократияның көрінісі болып саналған елді дүр сілкіндірді. Сенегал Нигердегі дағдарысты еңсеру жөніндегі бірлескен күшке қатысатын Африка елдерінің бірі.