«Сенім. Білім. Өмір» РҚБ экстремистік ұйым деп танылды - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 7 маусымында Шығыс-Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыс прокурорының талап арызы бойынша «Сенім. Білім. Өмір» Республикалық қоғамдық бірлестігін экстремистік ұйым деп тану, оның қызметіне тыйым салу және мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Көрсетілген бірлестіктің басшылары мен белсенді мүшелері осыған дейін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының 2011 жылдың 19 қазанындағы үкімімен әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Осы күшіне енген сот үкімімен аталған бірлестік мүшелерінің діни араздықты және алауыздықты қоздырумен, азаматтарды ұрлаумен және оларды заңсыз бас бостандығынан айырумен ұштасқан экстремистік қызметі расталған.