Сенім дұрыс болса, амал дұрыс болады - Бас мүфтидің орынбасары

АЛМАТЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Амал дұрыс болса адам екі дүниенің бақытына ие болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас мүфтиінің орынбасары,  филология ғылымдарының докторы,

шейх Мұхаммед Хусейн Алсабеков бүгін Алматыда  «Мырза Мұхаммад Хайдар Дулат парсы дереккөздерінде» және Хибатулла ат-Тарази және оның рухани мұрасы» деп аталатын жаңа кітаптардың тұсаукесер  рәсімінде осылай  айтты.

«Бірлікке әр түрлі жолмен бару мүмкін емес. Оған бастар жол  біреу ғана. Ол  сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ұстанған жол. Онда ақида, сенім дұрыс болды. Соның нәтижесінде тарихында бірлік болып, дінін, жерін сақтап  қалды. Шариғат бойынша сенім дұрыс болса, амалымыз дұрыс болады. Онда ең  маңызды нәрсе - сенім», - дейді М.Алсабеков.  Оның айтуынша, қазақ даласынан шыққан  ғұламалар өте көп. Өкінішке орай олардың тарихи мұрасы әлі бүгінгі ұрпақтың қолына толық жеткен жоқ. Оған бүгінгі шара айғақ бола алады. Мәселен Хибатулла ат-Тарази араб елдеріне барып қазы, мүфти болған кісі. Ұстаз болып көп шәкірттер тәрбиелеген үлкен ғалым болған. Ол кім, қайда болған, қандай еңбектері бар екенін қалың жұртшылық қауым енді ғана біле бастады.