«Сенім телефоны» балаларға психологиялық көмек көрсетеді

None
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Өмiрде қиын жағдайға тап болған балаларға құқықтық және психологиялық жедел көмек көрсету жөніндегі жұмыста Алматы қаласында жұмыс жасап жатқан «150» нөмірлі балалар мен жастарға арналған «сенім телефоны» желісі едәуір көмек көрсетуде, деп хабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.

Ағымдағы жылы телефон желісіне 25,5 мыңнан астам қоңырау түсті, олардың қатарында балалар құқықтарын бұзу мәселесі бойынша 5,5 мыңға жуық, ал 2 мыңнан астам қоңырау балалардың өздерінен түскен.

Бүгінде Ішкі істер министрлігі Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағымен бірлесіп балалар мен жастарға арналған бірыңғай ұлттық сенім телефон желісін құру мәселелерін пысықталуда.

Тәулігіне жиырма төрт сағат бойы әрбір балаға қолжетімді қызмет көрсетететін бірыңғай ұлттық сенім телефоны желісін енгізу олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөнінде пәрменді шаралар қолдануға мүмкіндік береді.