«Сенің білімің - сенің болашағыңның кепілі» - Қызылорда облысы

None
ЗЫЛОРДА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - «Сенік білімің - сенің болашағыңның кепілі». Қызылордада осындай атпен жүргізілген жоба жыл соңында табысты аяқталды.

Аталмыш жобаны «Бота» қоғамдық қорының қолдауымен «Тау Мекен» қоғамдық бірлестігі жүргізді. Жобаның қорытындылауға арналған салтанат «Алтын сарай» ресторанында өтті. Кешті ашқан қоғамдық бірлестіктің төрағасы Жасұлан Серіков ұйымның міндеті көмекке зәру балалардың тұрмыстық жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу болып табылатынын айтты.

Бұл жобаның аясында қиын өмірлік жағдайларға тап болған жастар мен балалардың жыл бойы тренингі жүргізілді. Олар негізінен №1 мектеп-интерна пен «Атамекен» интернаты тәрбиеленушілерін қамтыды. Оқу кезінде балалар компьютер сауаттылығы, ағылшын тілі курстарынан өтті. Оларға өзге елдердің оқытушылары сабақ берді. Олар сондай-ақ кәсіпке бағдар, құқықтық және қаржылық сауаттылық курстарында да дәріс алды.