АСТАНА. KAZINFORM – Сербия әскери міндеттілікті қайтаруды жоспарлап отыр: парламенттің жобаны мақұлдауы күтілуде, үкімет пен президент ресми түрде келісімін беріп үлгерді, деп хабарлайды Euronews.
Елде міндетті әскери қызмет 13 жыл бұрын алынып тасталды.
Белград жауынгерлік міндеттілікті 2011 жылы алып тастап, кәсіби қарулы күштерге сүйенді. Енді Сербия Республикасының президенті Александр Вучич әскерге шақыруды қайтару «Сербияны күнделікті және жалықпай қорқытатындарды үркітуі тиіс» дейді. Алайда ол кімді меңзеп отырғанын нақтылаған жоқ.
Жігіттер үшін міндетті әскери қызмет 75 күнге созылады, ал қыздар үшін ерікті болады деп шамаланып отыр.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.