СЕРБИЯ ДІНБАСЫЛАРЫ: Балқан елдеріндегі су тасқынына Кончита Вурст кінәлі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияның бірқатар дінбасылары кемінде 33 адамның өмірін жалмаған Балқан елдеріндегі су тасқыны 'Евровидение-2014' халықаралық конкурсында Вурстқа жеңісті бергеніміз үшін жіберген Құдайдың жазасы деп санайды. Бұл туралы РИА Новости жазады.

«Бұл жай ғана сәйкестік емес, ескерту. Құдай бізге ескерту ретінде су тасқынын жіберді», дейді Амфилохия әкей.

Шығыс сербтердің дінбасы патриарх Ириней де табиғат апатын тосыннан болған құбылыс емес, Құдайдың Сербияны күнәдан тазалауға жіберген жазасы деп санайды.