Сербия Премьер-министрі жол апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербия Премьер-министрі Александр Вучич Белградтың орталығында Әскери-медициналық академия ғимаратының маңына жол апатына ұшырады. Қазір оқыс оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр.

Сербиялық БАҚ-тардың хабарлауынша, үкімет басшысы мінген қызметтік көлікті жеңіл машина аса үлкен жылдамдықпен келіп соққан. Вучич зардап шекпеген.

«Шынында да автомобиль мен мінген көлікке соқтығысты. Жарақат алған жоқпын, өзімді жақсы сезінемін»,- деді серб премьері.