Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған еді.