Сербия Президенті Н.Назарбаевқа мықты денсаулық және президенттік лауазымындағы қызметіне табыс тіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Н.Назарбаевты Сербия Президенті туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық және президенттік лауазымындағы қызметіне табыс тіледі.

Екі елдің көшбасшылары Қазақстан-Сербия достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен тығыз жұмысқа әзірліктерін растады.

Әңгімелесуге Сербия тарапы бастамашылық етті.