Мемлекет басшысы 17 сәуірде Ватиканға баруы тиіс болатын, алайда, ұшағының техникалық ақауларына байланысты оның бұл сапары кейінге қалдырылды. Президенттің кеңесшісі Станислава Пак оның сапарының әзірге нақты белгісіз мерзімге кейінге қалдырылғанын растады.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, "Фалкон-50" ұшағының двигательдерінің бірі Адриат теңізінің үстінен ұшуы кезінде істен шыққан. Бұл кезде ол 10 мың метр биіктікте ұшып бара жатқан еді. Тәжірибелі ұшқыштың әуе кемесін басқаруды бақылай алуының арқасында ол Белградқа қайта оралған.