АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Сербия Президенті Томислав Николич Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемесінде Сербия жақсы қарым-қатынасты әсіресе экономикалық тұрғыда дамыта түсуді қолдайтынын атап өтті.
«Сербия жақсы қарым-қатынасты әсіресе экономикалық тұрғыда дамыта түсуді қолдайды. Қазақстан тарабының Белградта ресми түрде елшілік ашқанына қуаныштымыз, - деді Т.Николич.
«Біз сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысын тезірек өткізу жайын сөйлестік. Сербия үшін Еуразиялық одаққа Fiat көліктерін экспортқа шығару өте маңызды. Энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастығымызды дамыту маңызды болып отыр», - деді мәртебелі мейман.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.