Сербияда 7-ші халықаралық «Кустендорф» фестивалі ашылды

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Сербияның Дрвенград этноауылында сенбі күні кешке аты әлемге әйгілі режиссер Эмир Кустурицаның 7-ші халықаралық «Кустендорф» фестивалі ашылды.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасында Франция, Сингапур, Израиль, Оңтүстік Корея, Мексика, Польша, Сербия, АҚШ, Қытай, Иран мен Словакия елдерінің 15 фильмі алтын, күміс және қола жүлделер үшін өзара сайысқа түседі. Әділқазылар құрамында Беренис Бежодан басқа, мексикалық сценарист және режиссер Гильермо Арриага мен серб жазушысы және режиссері Срджан Колевич бар. Биылғы фестивальдің бір ерекшелігі, оның бағдарламасына «Американдық жаңа толқын» атты шара енгізілген, онда көпшілік назарына «Кабаре», «Қауіпті көшелер» картиналары ұсынылатын болады. Кустрицаның пікірінше, бұл 70-ші жылдардағы ең үздік деп танылған американдық фильмдер болып табылады.

«Кустендорф» фестивалінде тек кинематографиялық салаға ғана емес, музыкалық жағына да көңіл бөлінген. Ауқымды шара аясында өтетін кино көрсетілімдерінен, шеберлік сыныптары мен семинарлардан кейін әр кеш сайын фестивальге қатысушылар мен қонақтар алдында француз әншісі ZAZ, Эмир Кустрица және оның No Smoking Orchestra тобы, румындық және босниялық «Махала Раи Банда» мен «Мостар севдах реунион» топтары тәрізді әйгілі музыканттар өнер көрсетеді.