Сербияда Эбола қаупі салдарынан 700-ден астам адам карантинге жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияда Эбола дертінің таралу қаупі салдарынан 708 адам карантинге жабылды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан хабарланды.

"Вирустың таралуына жол бермес үшін 708 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың 92-сі Эбола дертінің таралу қаупі бар аудандардан келді", - делінген хабарламада.

Осыған дейін, Эбола безгегіне шалдыққандардың саны 8033, індеттен қаза тапқандардың саны 3879 адамға жеткені хабарланған.