Сербияда қазақстандық теннисші Попко турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Валевода (Сербия) өтіп жатқан ITF сериясы турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Vesti.kz.

Екінші айналым матчында Попко француз теннисшісі Така Кунна Ванганы 6:1, 6:4 есебімен ұтты.

Еске салсақ, бірінші раундта қазақстандық теннисші Германия өкілі Богдан Джурджевичтен 6:0, 6:1 есебімен басым түскен болатын. Турнирдің жүлде қоры 10 мың долларды құрайды.