"Апат жергілікті уақытпен 12.00-де болған, Батар-поле асуындағы Любовия-Белград өткелінде жүк пойызы рейстік автобусты соққан», - деп хабарлады жергілікті телеарна. Лозница қаласынан жедел жәрдем көлік кептелісінен жетем дегенше апаттан зардап шеккен 14 жолаушы Малый Зворник ауруханасына, тағы он жолаушы Великий Зворник ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта жарақат алғандар Лозницаның жедел жәрдем орталығында ем қабылдап жатыр. Ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
ФОТО https://sputnik.by/
11:30, 05 Ақпан 2017
Сербияда пойыз бен автобус соқтығысып, 24 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Сербияда жүк пойызы мен жолаушылар автобусы соқтығысып, 24 адам зардап шекті, қаза тапқандар жоқ, деп хабарлады сенбі күні Республикалық радио және телевидение (РТС).