Таяу уақытта Хаджичтің ұсталғаны туралы ақпаратты Сербия Президенті Борис Тадич ресми түрде хабарлауы тиіс.
Сербияда туып-өскен Хорват саясаткері Горан Хаджич Хорватия аумағында 1992-1995 жылдары өмір сүрген Серб Өлкесі Республикасының - мойындалмаған серб мемлекетінің жетекшісі болды.
2004 жылы Гаагадағы Бұрынғы Югославия Халықаралық трибуналы Хаджичке әскери және адамзатқа қарсы қылмыстардың 14 эпизоды бойынша айып тақты. Атап айтқанда, оған 1991-1993 жылдары бейбіт хорват халқын жер аударды және қырды деген кінә артылды.