Сербиядағы «Алтын былғары қолғап» турнирінде Қазақстан спортшылары екі алтын, екі күміс медальға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияның Суботица қаласында төртінші «Алтын былғары қолғап» турнирі өтті. Оған 23 елдің жас боксшылары қатысты, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясынан.

Бұл турнирде Қазақстан намысын елдің жастар құрамасы қорғады. Жерлестеріміз екі алтын және екі күміс медальға ие болды.

Турнирге аттанар алдында қазақстандық боксшылар Ақмола облысындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысқан.